ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ 5 КӨШЕСІНДЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Другое18 қаңтар 2021
Шымкент қаласының аудан аумақтарында жаяу жүргіншілер жолын, көшелерді абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бүгінде Еңбекші ауданында негізгі 5 көшеде - Арғынбеков, Бәйтереков, Шаяхметов, Ерімбетов және Рысқұлов көшелерінде жаяу жүргіншілер жолын жөндеу, жасыл желектер мен кіші сәулеттік нысандар құрылысы қолға алынған. Еңбекші ауданының әкімі, "ЛТД тұрмыс" ЖШС және "Shymkent" ӘКК қызметкерлері құрылыс барысын аралап көрді. Жұмысты сапалы орындау әрі уақытында аяқтау - басты талап. Құзырлы мекемелерге жұмысты сапалы орындау жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі